$ 448.44
 514.81
 5.33

Астанада екі апалы-сіңлілі күйеулерімен бірге притон ұйымдастырған: 15 адам сотқа тартылды

Редактор
22.09.2026, 16:14
видеодан скрин
видеодан скрин
Қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Іс бойынша 15 адам айыпталып отыр, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 2023–2025 жылдары екі апалы-сіңлілі жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде притон ұйымдастырған. Қылмыстық топ құрамында күзетшілер, әкімшілер және әлеуметтік желі арқылы қызметті жарнамалаған адамдар болған.

Ұйымдастырушылар түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, баспана және қауіпсіздік уәде еткен. Заңсыз әрекетке кәмелетке толмағандар да тартылған.

Сонымен қатар топ мүшелері мас күйдегі клиенттерге күш қолданып, ақша бопсалаған және оларды жалдамалы пәтерлерде заңсыз ұстаған деген күдікке ілінді.

Барлық 15 адам ұсталып, оларға қамауда ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Айыпталушылардың кінәсі мен әрекеттеріне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау