Астанада балаларды спорт секцияларына тегін қабылдау басталады
Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ балаларды спорт секциясына қабылдау кезегінің ашылатынын мәлім етті.
Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ балаларды спорт секциясына қабылдау кезегінің ашылатынын мәлім етті.
Сонымен қабылдау 28 қараша күні сағат 15.00-де басталып, 30 қараша күні сағат 00.00 дейін жалғасады.
— 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрықтың 2 Параграфы 10 тармақшасына сәйкес, баланың заңды өкілінің өтініш беруі оның жеке өзі немесе баланың заңды өкілдеріне берілген сенімхат бойынша жүзеге асырылатынына назар аударған жөн. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде ақпараттық жүйе кезектегі өтінішті және ол бойынша берілген ваучерді жояды, — делінген ведомство хабарламасында.
Кезекті бөлу 2021 жылғы 27сәуірдегі № 120 бұйрықтың 12-тармағына сәйкес тоқтатылады. 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ақпараттық жүйенің ваучерлерін беру тоқтатылады.