Астанада автобус жол апатына ұшырап, 10 адам зардап шекті

Редактор
03.06.2025, 14:56
Астанада автобус жол апатына ұшырап, 10 адам зардап шекті
Олар қаладағы әртүрлі ауруханаларға жеткізілді.

Астанада автобус жол апатына ұшырап, 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір адам ауыр халде, тағы 10 адам жарақат алған. Олар қаладағы әртүрлі ауруханаларға жеткізілген.

Зардап шеккен екі адам Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда, оған шұғыл ота жасалып жатыр.

Жедел жәрдем бригадалары оқиға орнында жұмысын жалғастырып, көмек көрсетіп жатыр.