Астана қаласында мыңдаған баланың қатысуымен ерекше флешмоб өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Флешмоб аясында алдымен 3000 бала арнайы композицияға тұрып, асықтың "алшы" қалпы мен "Алтын сақа" жазуын бейнелеп шықты. Одан кейін музыка ырғағымен түрлі би қимылдарын орындады. Ал бағдарламаны Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді.
Флешмоб аяқталғаннан кейін жасанды интеллект қаланың барлық білім беру ұйымында – балабақшалар мен мектептерде асық ойынының басталғанын ресми түрде жариялады. Осы белгі бойынша бір мезетте 18 000-нан астам бала бүкіл қала бойынша асық ойнай бастады.