Қоғам

Астанада 14 жастағы жігіт 5 жасар баланың бетін пышақтап тастады

22:23, 11 ақпан 2025 196

Астанадағы көпқабатты үйдің лифтінде сұмдық жағдай болды, деп хабарлады sadaq.kz порталы. 

Белгісіз бір адам кішкентай баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жас балаға пышақ ала жүгірген адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. 

Шабул жасаған  14 жастағы жасөспірім, ал зардап шеккен бүлдіршін небары 5 жаста ғана.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған бала анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар бала тәрбиесіне байланысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Зардап шеккен бала дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы ауыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз