13 ақпанда Астанадағы «Qazaqstan» Орталық концерт залында, ал 15 ақпанда Алматыдағы Республика Сарайында қала тұрғындары мен қонақтары ұлы композитор Эннио Морриконе шығармаларына арналған әлемдік тур концертіне қатысып, әйгілі кино музыкасын тыңдай алады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Маэстроның ұлы Андреа Морриконе дирижерлік ететін симфониялық оркестр мен аралас хор әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған аңызға айналған саундтректерден тұратын кең көлемді бағдарламаны ұсынады.
Бұл кеште келесі культтік фильмдердің музыкасы орындалады:
«Once upon a Time in America
«The Good, the Bad and the Ugly
«Профессионал»
«Омерзительная восьмёрка» - осы фильмге жазған музыкасы үшін Эннио Морриконе «Оскар» жүлдесін алған, және әлем кинематографиясының бірнеше буыны сүйіп тыңдап келе жатқан басқа да шығармалар.
Кештің ерекше символына айналатын Chi Mai композициясы әлем жұртшылығын баурап алған туынды ретінде белгілі. Бұл шығарма бүкіл әлемге әйгілі «Спрут» телехикаясының арқасында танымал болды.
Уақытпен бірге өмір сүретін музыка
Концерт Морриконенің өлмес туындыларын өз маэстросы көздегендей етіп – жарқын, эмоцияға толы, зор симфониялық дыбыспен тыңдауға мүмкіндік беретін сирек шара болмақ. Оркестрдің қуаты, хордың энергетикасы және танымал әуендердің үйлесімі бұл кешті ұмытылмас шараға айналдырады.
Ерекше әсер алғысы келетін қонақтар үшін VIP санаты ұсынылады.
VIP билеттің артықшылықтары:
Welcome Drink
Морриконе отбасы мүшелерімен эксклюзивті фотосессия
Бұл - ұлы композитор мұрасының сақтаушыларымен жүздесуге мүмкіндік беретін аса сирек тәжірибе.
Билеттердің сатылымы 20 қараша, 12:00-де ашылады.
Билеттер тек Freedom SuperApp арқылы қолжетімді.