АШМ итбалықтардың жаппай қырылуына өз болжамын айтты
Итбалықтардың жаппай қырылуына су астындағы жер сілкінісі салдарынан туындаған табиғи газ шығарындылары себеп болуы мүмкін.
Итбалықтардың жаппай қырылуына су астындағы жер сілкінісі салдарынан туындаған табиғи газ шығарындылары себеп болуы мүмкін. Осындай болжамын айтқан ауыл шаруашылығы министрілігі Каспий жағалауын толық бақылауға алып, ғалымдардың қатысуымен жіті зерттеу жүргізіліп жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Аян Бахиянов, ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:
— 24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейн инспекциясының қызметкерлерімен Каспий теңізінің жағалауынан 1034 итбалық табылды.Гидробиология және экология институты, Микробиология және вирусология ҒЗО сияқты бірлесіп жұмыс істеу барысында зерттеу жүргізу үшін өлген жануарлардың тінін ішінара іріктеу жүріп, осындай сынама алды.
Итбалықтардың қырылу себептері туралы түпкілікті тұжырым зертханалық зерттеу аяқталғаннан кейін, яғни үш-төрт айдан соң белгілі болады.
Бұл мақсатта балық инспекциясы итбалықтардың неден өлгенін анықтау үшін аумақтық сулардың акваториясына мониторинг жұмысын күшейткен.
Ветеринария бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері жұқпалы аурудың бар-жоғына зерттеу жүргізіп, өлекселердің сынамаларын іріктеп алған екен.
Бірақ оның нәтижесі бойынша пастереллез, құс тұмауы, оба, сальмонеллез және листериоз сияқты қауіпті аруларға арналған ПТР-тест сынамалары теріс нәтиже көрсетіпті.