$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

Асхат Ниязов Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді

Редактор
10.11.2026, 10:03
из соц сетей
из соц сетей
Қазақстандық блогер Асхат Ниязов Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді

Қазақстандық журналист әрі блогер, «Обожаю» YouTube жобасының авторы Асхат Ниязов Украинаның «Миротворец» интернет-жобасының деректер базасына енгізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Миротворец» сайтының әкімшілігі Ниязовты Ресейдің насихатын таратты және Украинаға қарсы әскери агрессияны жария түрде қолдады деп айыптап отыр.

Порталда блогердің фотосуреттері мен өмірбаянына қатысты мәліметтер жарияланған. Сайт авторлары айыптауларын оның әлеуметтік желілердегі бұрынғы жазбаларымен байланыстырады. Атап айтқанда, Ниязовтың 2014 жылы «ВКонтакте» желісінде жариялаған делінетін жазбаларына назар аударылған. Сондай-ақ оның ресейлік танымал тұлғалармен бірге түскен фотосуреттері келтірілген.

Айта кетейік, «Миротворец» – Украинаның ресми мемлекеттік тізілімі емес. Бұл – Украина қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейтін адамдар туралы ақпарат жинайтын мемлекеттік емес интернет-жоба. Аталған базаға енгізілу адамның кінәсі дәлелденгенін немесе оған ресми айып тағылғанын білдірмейді.

Әзірге Асхат Ниязовтың бұл жағдайға қатысты пікір білдіргені туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау