Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева оранып алып, әркімнен бала табатын қыз-келіншектерді сынға алды, деп жазады bairaqmedia.kz.
«Діннің фанаттары қиял әлемінде өздерін алдап жүрген байғұстар ғой. Мен құдайды діннің ішінде ғана отыр дегенге келіспеймін. Мың жамандық жасап, орамал мен діннің артына тығылып, құдайды жынды қыла алмайсың», — деді блогер.
Тағы оқыңыз: Бет-жүзді тұмшалауға салынған тыйымның орамал мен ақжаулыққа қатысы жоқ - теолог
Ол сондай-ақ, бір суреттен қорқыныш іздеу, миға қанбайтын шарттар іздеу ақымақтық екенін ашына жазды.
«Демек, миыңның шарықтау шегі нөл деген сөз! Ертегіге сеніп қуалап, сүннет деп екі қатын алып, нәпсіңе ие бола алмау орамал тағы алып Алланың қалауы - әркімнен бала туғаныңды құдайға жабу есалаңдық! Мисыздық! Топастық! Мың жерден таңға тұрып намаз оқысаң да, осы өмірдегі тозағың әлі алда! Өмірге көзіңді ашып қара! Ақымақтығыңнан жасаған иттігіңді құдайға жаппа», - деп күйіндщі ол.