Қоғам

Ақтөбеде оқушыны мектеп аумағында соққыға жықты

12:16, 14 қараша 2025 38

Ақтөбеде 5-сынып оқушысын мектеп аумағында жоғары сынып оқушысы ұрып тастады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, оқиға 6 қазан күні кешкі уақытта болған.

Анасының айтуынша, орта мектеп оқушылары футбол алаңын босатуды талап етіп, олардың бірі бесінші сынып оқушысын қатты ұрып-соққан. Соққы жеген оқушы есінен танып қалған. Бала жерде бір сағаттай жатып, содан кейін ғана үйіне жете алған. Ауруханада оған ота жасалған.

Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасынан сұрап көрді.

"2015 жылы туған бала 7 қазанда ауруханаға жеткізілді. Травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жедел емдеу жүргізілді. Науқас одан әрі амбулаториялық емдеуге шығарылды", - дейді ведомстводағылар.

Ал баланы ұрған оқушы есепке алынған.

"Оқушы мектепішілік есепке қойылды. Полиция бұл істі орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша тергеп жатыр, ал оның ата-анасы тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз