Қоғам

Ақтөбеде келінін зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

09:21, 06 ақпан 2026 67

Ақтөбеде келінін зорлады деп айыпталған Ақтөбе тұрғыны сотталды. Ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Astana телеарнасының мәліметіне сай, оқиға ер адамның ұлы үйде жоқ кезде болған. Зардап шеккен келіншек - 22 жаста. Айыпталушы мас күйде болғаны анықталған. Жәбірленуші  құқық қорғау органдарына арызданған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, жиналған дәлелдер оның қылмысқа қатысын растады. Алға аудандық сотының үкімімен ер адам 8 жылға сотталды.  Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

"Сот үкімімен сотталушы ҚК 120-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді облыстың соттың баспасөз хатшысы Жансая Тайырова.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз