Ақтөбе облысындағы «Жайсан» теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған.
Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.