Ақтөбе облысы: 257 миллионға жөнделген бөгет тағы бұзылды
Ақтөбе облысында көктемгі тасқын кезінде су шайған бөгет тағы да бұзылды. Бұл нысан бюджеттің 257 миллион теңгесіне былтыр ғана жөнделген. Бөгет көпірі жаңбыр суына шыдас бермепті.
Ақтөбе облысында көктемгі тасқын кезінде су шайған бөгет тағы да бұзылды. Бұл нысан бюджеттің 257 миллион теңгесіне былтыр ғана жөнделген. Бөгет көпірі жаңбыр суына шыдас бермепті, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Алға ауданындағы «Көсем» деп аталатын бұл бөгетке Тамды өзені келіп тіреледі, деп хабарлайды КТК телеарнасы
Шағын су қойманың сыйымдылығы сексен мың текше метрге жуық. Көктемде тасқынның арыны қатты болып, жөнделген Көсемді екі жерден бұзып кеткен. Одан соң кепіл мерзімі бітпегендіктен, мердігер бұзылған жерді бітеп, қайта жөнеуге міндеттелді. Бірақ құрылысты созып жүріп алған. Ал бөгетке салынған уақытша көпір жаңбырға шыдас бермей су шайып кетті. Шененіктер енді тендер ұтқан компания өз ақшасына бар жұмысты бітірсін деп отыр. Талап орындалмаса, сотқа береді.
Бекболат Нұрашев, Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:
— Кешегі соңғы3-4 күн жауында судан сол салынған уақытқа топырақпен салынған жолы бұзылып жатыр. Қазір енді мердігер өзі қайта қалпына келтіреді. Біздер талап қойдық. Мердігер қаражатына қайтадан қалпына келтіру бойынша бүгінде бірінші участігінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бетонды жұмыс аяқталып қалды. Осы жұмысты әрі қарай баяу болса, сотқа береміз деп талап қойдық.