Ақтау қаласына қарасты Қызылтөбе-2 ауылында тегін донер акциясының соңы жаппай төбелеске ұласқан.
Төбелесті таратуға келген полицейлер жиналғандарды тыныштандыру үшін дауыс зорайтқышты қолдануға мәжбүр болған.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 ақпан күні кешкі уақытта болған. Іс-шараны кафелердің бірінің қожайыны ұйымдастырған.
Дәмхананың иесі акцияның мұндай салдары болады деп ойламағанын айтады.
“Bb sushi munaily атынан тегін суши және донер таратамыз деп шешіп, Қызылтөбе ауылын белгілеп, сол жерге барған едік. Бірақ ол жерде адам саны көп болып кетті. Ол жерде келеңсіз оқиғалар болмас үшін, ол жерден тегін донер және сушиларды таратпай, басқа елді-мекенге таратқан едік. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды. Келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз", – дейді мекеме иесі.