Премьер-минстрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда Әзербайжан ұшағының апатын тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді. Осы орайда ол бұл бағыттағы тексеру нәтижесі жақында жарияланатынын айтты.
Оның сөзіне қарағанда, тергеу екі бағытта іске асырылды. Бас прокуратура қылмыстық құрамды тергеп жатыр. Ал Көлік министрлігі авиациялық апаттың өзін тексерді.
— Көлік министрлігі тергеуді аяқтауға жақындады. Қазіргі уақытта технологияның, аэронавигациялық құралдардың және басқа жабдықтарға лицензия берушілерден немесе өндірушілерден қорытынды есеп күтіп отырмыз. Жалпы, Көлік министрлігінің тергеуін аяқтауға дайынбыз, яғни биыл немесе келесі жылдың басында нәтижесі шығады. Бас прокуратураға тоқталсақ, онда да ілгерілеу бар. Осы мәселе бойынша көршілес мемлекеттер басшыларының тиісті мәлімдемелерін де көрдіңіздер. Сондықтан келесі жылы осы тұрғыдағы іс-шаралар аяқталады деп үміттенеміз, — деді Үкімет басшысының орынбасары.