АҚШ-тың оңтүстігі мен батысында болған күшті дауылдар мен торнадо салдарынан 39 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
CNN мәліметінше, Миссуриде 12 адам, Канзаста 8 адам, Миссисипиде 6 адам қайтыс болған. Арканзас, Алабама, Техас штаттарында үш адамнан, ал Оклахомада төрт адам қаза тапқан. Бұған дейін 19 адам қайтыс болды деп хабарланған еді, алайда табиғат апатының екі күндік өршуі салдарынан бұл сан екі есеге жуық өсті.
Жүздеген мың адам жарықсыз қалды. Сондай-ақ, жойқын дауылдар мен штормдар көптеген ғимараттарға зақым келтірді.
Айта кетсек, қауіп-қатер аймағында 138 миллион адам бар. Табиғи апат бұған дейін аталған штаттардан бөлек, Иллинойс, Индиана және Кентукки штаттарына да әсер етуі мүмкін.
Торнадо салдарын жоюға көмектесу үшін АҚШ президенті Дональд Трамп Арканзас штатына Ұлттық гвардия сарбаздарын жіберді.
Өкінішке қарай, қолайсыз ауа райы орман өрттерінің таралуына да ықпал етіп отыр.