Әлем

АҚШ-қа ауқымды цунами жақындап келеді

10:00, 31 шілде 2025 26

Аляска, Гавай аралдары және АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауында цунами болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

"Тынық мұхитындағы ірі жер сілкінісіне байланысты Гавай тұрғындарына цунами туралы ескерту жарияланды. Аляска мен АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауында ықтимал цунамиге бақылау жүріп жатыр. Жапония да қауіп-қатер аймағында тұр", – деп жазды Ақ үй басшысы.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұған дейін Гавай штатының астанасы Гонолулу орналасқан Оаху аралының билігі тұрғындарды жағалауға жақын аумақтардан қауіпсіз жерлерге көшуге шақырған. АҚШ жағалау күзеті аймақтағы барлық кемеге порттарды шұғыл түрде тастап кету жөніндегі бұйрық берді. Себебі бұған дейін Камчаткада күшті жер сілкінісі болған еді.

Жапонияда биіктігі 30-50 см-ге жеткен толқындар тіркелді. Қирандылар немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз