Қоғам

Ақнәр Хамиттің өлімі: Алматы полициясы қылмыстық істі ерекше бақылауға алды

09:49, 23 мамыр 2025 89

Қалалық ПД-нің тергеу басқармасы өткен жылдың шілде айында жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция басқармасының мәліметінше, қазір болған оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда, куәлардан жауап алынуда, бейнежазбалар зерделенуде, заңда көзделген басқа да процессуалдық әрекеттер іске асырылып жатыр, – делінген хабарламада.

Тергеу барысы Департамент басшылығының ерекше бақылауында.

Біз марқұмның туыстарының бастан кешкен қайғысына шын жүректен ортақтасамыз. Сонымен қатар, соңғы процессуалдық шешім барлық тағайындалған сараптамалардың нәтижелерін алғаннан кейін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін қабылданатын болады, – деп қосты ведомстводан.

Еске сала кетсек, Ақнәр Хамит 22 жасында көз жұмған. Ол 2024 жылы шілдеде түнгі сағат 02:30 шамасында Amir тұрғын үй кешенінің 7-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткен кезде жан тапсырған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз