Аймақ

Ақмола облысында жоғалған 6 жасар баланың денесі табылды

15:46, 11 мамыр 2025 59

Ақмола облысында 30 сәуірде жоғалып кеткен 6 жастағы Қалмырза Жандәулет өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Астана еріктілері LIDER.KZ» қоғамдық ұйымының ресми парақшасында іздеу жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат жарияланып, «Өлі күйінде табылды» делінген.

Айта кетсек, 30 сәуірден бастап Қорғалжын ауылында жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстары жүргізілген еді. Іздеу операциясына еріктілер, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен жергілікті тұрғындар қатысқан. Көлдер, жаға аймақтары және жетуі қиын жерлер мұқият тексерілді.

Белгілі болғандай, бала Нұра өзеніне батып кеткен.

«10 күннен астам уақыт бойы жоғалып кеткен баланы полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер мен бейжай қарамаған азаматтар іздеді. Жоғалғаны туралы өтініш түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғалды. Мәйіт судан құлаған болжамды жерден 12 шақырым төменде табылды», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз