Қоғам

Кентау қаласында 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай жарияланды

14:18, 14 мамыр 2025 36

Түркістан облысы Кентау қаласындағы өнеркәсіп аймағының 900 га аумағында 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай жарияланды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Тиісті бұйрыққа экология және табиғи ресурстар министрі қол қойған.

Түркістан облысы Кентау қаласының Өнеркәсіптік аймағының 900 га аумағы төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялансын. Төтенше экологиялық жағдай аймағына солтүстіктен Түркістан облысының Кентау қаласына іргелес жатқан ауданы 900 га Өндірістік аймақтың аумағы кіреді. Төтенше экологиялық жағдайдағы аумақтың орналасуының карта-схемасы 1-суретте көрсетілген, - делінген ресми құжатта.

Министрлік төтенше экологиялық жағдай аймағын жариялау мерзімін елу жыл деп бекіткен және осы аралықта қандай шектеулер болатынын жазған.  

Осы мерзім аралығында төтенше экологиялық аймақ аумағында мынандай шектеулер болады: келу және кетудің ерекше режимін белгілеу, көлік құралдарының жүрісін шектеу; қызметі төтенше экологиялық жағдайды жоюға немесе халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты емес жаңа кәсіпорындар мен басқа да объектілерді салуға және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге тыйым белгілеу; адамдарға тұрақты немесе уақытша тұруға арналған үй-жайларды міндетті түрде бере отырып, оларды тұруына қауіпті жерлерден көшіру; жоғары экологиялық қауіп төндіретін деп танылған объектілерді салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салу; сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салу; адамдарға, өсімдіктер әлеміне, жануарлар дүниесіне және басқа да табиғи объектілерге жоғары экологиялық қауіп төндіретін кез келген басқа да қызметті жүзеге асыруға тыйым салу немесе шектеу. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз