Әнші Жүгінісов қай ағымда? І Дүмше молда мен діни фанаттар І Имамдар құранды қате оқиды

Редактор
16.08.2025, 15:45
Әнші Жүгінісов қай ағымда? І Дүмше молда мен діни фанаттар І Имамдар құранды қате оқиды
Журналист Ербол Сейілханның YouTube арнасында қонақта - дінтанушы Асқар Сабдин

Журналист Ербол Сейілханның YouTube арнасында қонақта - дінтанушы Асқар Сабдин. Белгілі теолог ашық сұхбатта елдегі діни ахуалды талдап, саралады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz 

Діни пропаганданың күшеюі

Асқар Сабдиннің айтуынша, Қазақстанда діни насихат пен үгіт-насихаттың өршуі кездейсоқ құбылыс емес. Мұның артында қоғамды бөлшектеуге мүдделі күштер бар. Олар кейбір жамағаттарды бір-біріне айдап салып жатыр. 

Пәтуаны кім шығарады?

Теолог Пайғамбар кез келген адамға дін жайлы пәтуа айтуға рұқсат бермегенін еске салды. Қазір бізде тосын оқиға болса, псевдо-сарапшылар қаптап кетеді. Дінді оқымаған, оны өсек деңгейінде қабылдайтын дүмше молдалар елге зиянын тигізіп жүр. Аят пен хадистің мәнін түсінбейтін блогерлер мен әншілердің пәтуа айтып жүргені қауіпті,- дейді Асқар Сабдин.  Бұл тақырыпты сұхбатта жан-жақты талқыладық. 

Шолақ белсенділік пен фанатизм

Теологтың сөзінше, діни білімнің орнын шолақ белсенділік басқан. «Ұстаз» сөзінің қадірі кетіп, кей діндарлардан «құдай жасау» – фанатизмге айналған. 

Діниа ағымдардың қаупі

Сабдиннің пікірінше, қоғамды дін атын жамылған белсенділерден қорғау – уақыт талабы. Әйтпесе, радикалды ағымдардың ықпалы күшейіп, жастардың санасы улана береді. 

Сұхбаттың толық нұсқасын көріңіз.