Қоғам

«Әндері есірткіні насихаттайды»: заңгер Qаrakesek-тің әндеріне тыйым салуды ұсынды

17:25, 18 қыркүйек 2025 26

Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған әнші Qаrakesek-тің әндеріне тыйым салуды ұсынды, деп жазады bairaqmedia.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Жақында Ақтөбеде Qаrakesek деген әнші ұсталды. Оның қылмыстық ісі әкімшілік іске ауысып кетті. Бірақ осындай тұлғаларды сахналардан, эфирлерден, платформалардан алып тастау керек. Оның әндері жастар арасында кең тараған. «Әппағым, сенен артығын таппадым» дейді. Былай қарасаң, махаббат туралы ән сияқты. Бірақ ол мефедрон, ақ ұнтаққа қатысты ән деген қауесет бар. Есірткіні астарлап насихаттап жүр. Мәдениет министрлігі осы сынды әншілердің әндерін сахнадан алып тастай ала ма?», - деді заңгер «AMANAT» партиясының жастар кеңесінің отырысында.

Бұл сұраққа мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов жауап берді. Оның айтуынша, жастар арасында есірткіні романтизациялау кездеседі.

«Qаrakesek-тің жағдайына келсек, маған да көп адам «әндерін мас күйінде жазған шығар» деп айтты. Бұл әр адамның қиялы болуы мүмкін. Бірақ, екінші жағынан біз бұл жағынан қалай сақтана аламыз? Мұндайға қатысы бар болған әртістерді қадағалап отырамыз. Бірақ оларды қоғамның өзі де шеттетуі керек. Оны романтизациялайтын қоғамның өзі.  Мысалы, «Шекер» сериалынан кейін де қоғамның пікірі екіге жарылып кеткен болатын», - дейді Кочетов.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз