Қоғам

«Ана тіліміз – басты құндылығымыз»: Magnum халықтан кешірім сұрады

21:10, 10 сәуір 2025 61

Magnum компаниясының басшылығы курьер мен клиент арасындағы жағдайды түсіндіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл жағдай елді дүрліктіріп, елдің мазасын алғаны үшін өкініш білдіреміз. Алдымен біз, яғни Magnum компаниясының басшылығы осы жағдай үшін сүйікті клиенттеріміз бен барша жерлестерімізден кешірім сұраймыз. Халқымыз кез келген дауды сабырмен, ақылға салып шешкен. Қазір жұмысшымыз бен клиенттің арасындағы түсінбеушілік толығымен шешімін тапты. Олар қол алысып, татуласты. Бір-біріне деген өкпе-реніші жоқ. Ал қызметкеріміз жұмысын Magnum жалғасытырып жатыр. Бәріміз – қазақпыз, осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз – басты құндылығымыз. Оны білу – әрқайсымыздың асыл парызымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыны болсын, ағайын! – деді Magnum компаниясының топ-менеджері Нияз Шапақов. 

Еске сала кетсек, бұған дейін  курьер мен клиент татуласқанын айтып, бұндай жағдайдың болғанына өкініш білдіріп, видео жариялағанын хабарладық.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз