«Америка – банкомат емес!»: АҚШ Украинаны қолдауды тоқтата ма?

Редактор
05.03.2025, 16:00
«Америка – банкомат емес!»: АҚШ Украинаны қолдауды тоқтата ма?
АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс алдында сөйлеген сөзінде Украинадағы жағдай мен президент Владимир Зеленскиймен қарым-қатынасқа ерекше назар аударды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс алдында сөйлеген сөзінде Украинадағы жағдай мен президент Владимир Зеленскиймен қарым-қатынасқа ерекше назар аударды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

time.com агенттігінің мәліметінше, Трамп Украинамен минералдық ресурстарға қол жеткізу мәселесі бойынша келіссөздерді қайта бастауға және американдық әскери көмекті жалғастыруға дайын екенін атап өткен. Дегенмен, ол АҚШ «бөтен соғысты шексіз қаржыландырмайтынын» және Владимир Зеленскийдің икемділік танытуы қажет екенін ашық айтты.

«Америка – банкомат емес, оны тоқтаусыз пайдалана беруге болмайды», – деді Трамп, Киевтің ұстанымын қайта қарау керектігін меңзеп.

Трамптың айтуынша, Украина көрсетілген көмектің бағасын түсінуі керек және ымыраға келуге дайын болуға тиіс. Ол Зеленскийден АҚШ-пен жаңа келісімге қол қоюға ниетті екенін білдірген хат алғанын айтты, бірақ оның нақты мазмұны әлі белгісіз.

Ол сондай-ақ Байден әкімшілігін «ақшаны орынсыз шашуда» деп айыптап, Украинаға бөлінетін қаражаттың орнына АҚШ-тың шекарасын нығайтуға жұмсалу керектігін айтты.

«Біз бәріне көмектесеміз, бірақ өзімізге көмектеспейміз. Бұны тоқтату керек», – деп түйіндеді Трамп.