Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын қоғамдық тәртіп пен сөйлеу мәдениетінің нормаларын сақтауға шақырады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Алматыда полиция тікелей эфир кезінде әдепсіз сипаттағы материалдар жариялап, бейәдеп сөздер қолданған екі блогерді қамауға алды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті жазды.
«Тікелей эфирлер, стористер және бейжазбалар — қоғамдық кеңістік. Әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған материалдары мен айтқан сөздерінің мазмұны үшін жауапкершілік қарастырылғанын, тіпті әкімшілік қамауға дейін баруы мүмкін екенін түсінуі керек», — деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ногайбаев.