Қоғам

Алматыдан Ыстықкөлге әуе рейстері ашылады

10:00, 27 маусым 2025 292

Алматыдан Ыстықкөлге әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгіннен бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның әуе компаниясы – «Asman Airlines» кіреді. Компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейсін орындайды.

Ал 3 шілдеден бастап қазақстандық «Fly Arystan» компаниясы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Осылайша жазғы кезеңде Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалады. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз