$ 482.33
 557.57
 5.74

Алматыдағы жол апаты: сенатор кейбір көлік жүргізушілері үшін ережені күшейтуді ұсынды

Редактор
26.03.2026, 14:21
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Сенатор ондай көлік жүргізушілерінің құжатын алып қойып, емтиханды қайта тапсыру қажет деп санайды.

Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілері үшін талапты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда көлік жүргізушілерінің басым бөлігі жол ережесін бұзбауға тырысады.

"94-95 проценті заңға бағынады. Ал қалған 5-6 проценті жол ережесін жиі бұзады. Кейбіреулері 100 рет, тіпті, одан көп айыппұл алады. Дәл осы адамдарды барлық жеңілдіктен айыру керек. Соның айыппұлды 50 проценттік жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі де бар. Толығымен төлесін", - деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, сенатор ондай көлік жүргізушілерінің құжатын алып қойып, емтиханды қайта тапсыру қажет деп санайды.

Айта кетері, жақында Алматыда ZEEKR жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, "Мерседеспен" соқтығысқан. Сол көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал кінәлі жүргізуші дене жарақаттарын алған. Желіде оның басқа көлікпен жарысқаны туралы ақпарат тарады.