Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда болған жол апатынан кейін қызметтік тексеріп басталып, бірнеше басшы жұмыстан кеткенін хабарлады.
Ол жол апатының салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Бұған дейін хабарланғандай, факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жүргізушіге сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол заңның бүкіл қатаңдығымен жазаланады", - деді Сәденов.
Ол өз тапсырмасы бойынша Алматыға Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің қызметкерлері жіберіліп, жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
"Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Барлығына құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтемін. Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ", — деп жазды ІІМ басшысы әлеуметтік желіде.