Қоғам

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаевқа көшуге қарсы

11:04, 21 шілде 2025 38

Бүгін, 21 шілде күні Алматы облысындағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйінің түлектері, демеушілері мен қазіргі тәрбиеленушілері мекеме қақпасының алдына жиналып, Қонаевқа көшу жайлы шешімге қарсылық танытты, деп хабарлайды Bairaq.media.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең балалар үйіне арнайы автобустар келіп, тәрбиеленушілерді алып кетуі керек еді. Бірақ балалар үйінің тәрбиеленушілері көлікке мінбей шу шығарды. Балалар арасында бір қыз есінен танып қалды, тағы бір бала қолын жарақаттап алды. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Қазір № 1 балалар үйінің директоры Роза Бекішева Алматы облысы әкімінің орынбасары және білім басқармасының өкілдерімен кеңесіп жатыр.

Балалардың Қонаевқа көшуіне қарсы тарап Қонаевтағы ғимарат кімнің балансында екенін білгісі келеді. Әрі олар Бағанашылдағы ғимараттың апатты екенін дәлелдейтін қорытынды құжатты және мердігер мен Алматы облысы әкімдігі арасындағы келісім құжаттарын көрсетуді талап етіп отыр. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз