$ 482.33
 557.57
 5.74

Алматыда жол апатынан үш адам көз жұмды: жаңа деректер мен күмәнді жайттар

Редактор
24.03.2026, 10:15
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алматыда 21 наурыз күні әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәліметтер шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алдын ала дерек бойынша, Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-пен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктегі 29 жастағы жүргізуші мен екі жас қыз (20 және 22 жаста) оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr тізгінінде болған 32 жастағы Александр Пак ауыр жарақат алған. Оның бірнеше жері сынған.

Айта кетейік, ол екі компанияның құрылтайшысы, ірі кәсіпкер болуы мүмкін деген ақпарат тарауда.
Куәгерлердің сөзінше, апат болған сәтте көлік жарысқа түскен болуы ықтимал. Қазір бұл жағдай тексеріліп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Заң бойынша кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жол қауіпсіздігі мен жаза қатаңдығы мәселесін қайта көтерді.