$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Алматыда Студенттер сарайы опырылды: ҚазҰУ мәлімдеме жасады

Редактор
24.09.2026, 11:10
Дворец студентов в Алматы после обрушения крыши. Фото: threads.com/@___aleks_k___
Дворец студентов в Алматы после обрушения крыши. Фото: threads.com/@___aleks_k___
Ғимарат шамамен 30 жыл бойы күрделі жөндеуден және реконструкциядан өтпеген

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайына қатысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарады. Қала тұрғындары түнде ғимарат маңынан қатты дыбыс естіліп, шаң көтерілгенін айтып, сарайдың шатыры опырылған болуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ресми түсініктеме беріп, нысанда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Университет мәліметінше, Студенттер сарайының құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталған. Ғимарат шамамен 30 жыл бойы күрделі жөндеуден және реконструкциядан өтпеген. Соның салдарынан құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелер табиғи түрде тозған.

2023 жылы аккредиттелген ұйым нысанның техникалық жағдайына сараптама жүргізген. Нәтижесінде ғимараттың көтергіш конструкцияларынан елеулі ақаулар мен зақымдар анықталған. Атап айтқанда, кейбір темірбетон ригельдер мен қабырғалардың жоқтығы, бағаналардың коррозияға ұшырап, ішінара бұзылғаны және қисайғаны белгілі болған. Сондай-ақ ригельдердің салбырауы, олардың бағаналармен түйісу тораптарының бұзылуы, қасбеттің жылу оқшаулағыш қабатының толық бүлінуі және шатырдың металл конструкцияларындағы коррозия тіркелген.

ҚазҰУ өкілдерінің мәлімдеуінше, сараптама ғимараттың бастапқыда-ақ құрылыс нормалары талаптарына сай келмейтін бірқатар елеулі кемшілікпен пайдалануға берілгенін көрсеткен. Университет мұндай ақаулардың басым бөлігін әрлеу қабатын бұзбай, сырттай анықтау мүмкін болмағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау