Аймақ

Алматыда қоқысты қайта өңдеу аумағында әйелдің бөлшектелген денесі табылды

15:47, 12 ақпан 2025 19

Алматыдағы Green Recycle қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағында қоқыс сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, марқұм 1989 жылғы.

Қанды оқиға 9 ақпан күні Алматыдағы Әлмерек шағын ауданында жалдамалы үйлердің бірінде болған.  Әйел мен онымен бірге тұратын ер адам арасында жанжал шыққан. Арам суға сылқия тойып алып, кикілжің кезінде 1983 жылы туылған ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, оны өлтірген. Кейін денесін бөлшектеп, қоқыс контейнеріне тастап кеткен.  

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз