Дәл қазір Алматыда қойма өртеніп жатыр. Құтқарушылар жалынды ауыздықтауға тырысуда деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қоймадан шыққан қара түтінді куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Осы сәтте Алматы қаласының өрт сөндірушілері Алатау ауданы Самғау шағын ауданындағы Жаңаарқа көшесі бойында орналасқан қоймадағы өртті сөндіруде. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.