Қоғам

Алматыда жүргізушіні мазақ еткен блогер полицияға шақыртылды

11:46, 17 қазан 2025 47

Алматылық блогер такси жүргізушісіне, саңырау адамға құрметсіздік танытқаннан кейін қалалық полицияға жеткізілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлері бейне авторының жеке басы анықталғанын айтты.

Қызбен алдын алу және түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Мұндай әрекеттерге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Ол өз кінәсін мойындап, өкінішін білдірді, – деді полиция.

Құзырлы орган әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарауға және қоғамдағы этика, мораль мен өзара құрмет нормаларын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, желіде есту қабілеті нашар такси жүргізушісін мазақ еткен қазақстандық блогер сынның астында қалған. Видеода ол көлікте “Жүргізуші естімейді” деген жазуды көрсетіп, содан кейін баласына “шуласаң да болады, бәрібір естімейді” деген мазмұнда сөз айтқан.

Кейінірек блогер бейнежазба түрінде кешірім сұрады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз