Алматы қаласы мен облысында 2 балдық жер сілкінісі болды. Қазір мемлекеттік органдар зілзаланың салдарын тексеріп жатыр деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Тиісті мемлекеттік органдар хабардар етіліп, ғимараттардың қирауы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр.
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 10 мамырда Астана уақытымен 20 сағат 35 минут 22 секундта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.916 с. с. 76.766 ш. б. жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы (баллмен):
Алматы қ. 2 б.
Қаскелең қаласы 2 б.
Қарғалы ауылы 2 б.