Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 22 сәуірде сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзу дерегі анықталған.
Toyota көлігінің жүргізушісі жыпылықтайтын шамдары қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – делінген хабарламада.
Полиция ескертеді: жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі.