Алматыда тауда адасқан екі турист құтқарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ТЖМ ақпаратқа сәйкес, түнде Алматының шұғыл қызметтеріне Медеу ауданындағы «Құмбел» шыңынан екі жас жігіт түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 2004 жылы туған ер адамдар жолды таба алмайтындарын түсініп, көмек сұрады.
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстарында ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік телефон пайдаланылды. Тәуліктің қараңғы уақытына және күрделі рельефке қарамастан, құтқарушылар Көкжайлау шатқалынан шыңға дейінгі жолды жаяу жүріп өтті, – делінген хабарламада.
Олар 2850 метр биіктіктен табылды. ТЖМ құтқарушылары Алматының құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп оларды Экопостқа дейін түсірді. Содан кейін олар өз бетінше үйлеріне кетті.