$ 462.87
 540.72
 6.16

Алматыда аялдамада тұрған қарт әйелді ер адам аяусыз соққыға жықты

Редактор
24.04.2026, 09:10
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Алматыда аялдамада тұрған 66 жастағы қарт әйелге ер адам шабуыл жасаған видео желіде тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оқиға Бостандық ауданында, "Алматы" шипажайы маңында болған. 

Зардап шеккен әйелдің қызының айтуынша, анасы автобус күтіп тұрған сәтте белгісіз жігіт артынан келіп, еш себепсіз аяусыз соққыға жыққан. Қазір әйел ауруханада, жағдайы ауыр.

Алматы полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.