Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ТЖМ мәліметінше, Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған.
Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа жету үшін таулы, қиын жолдармен жаяу жүруге мәжбүр болды. Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол арнайы зембілмен, 3200 метр биіктікте орналасқан, тік және тасты тау соқпақтарымен төмен қарай эвакуацияланды, – делінген хабарламада.
ТЖМ құтқарушыларының табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында ер адам сәтті эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.