Алматы көшелеріне серуенге шыққан робот-ит жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ЦДИАӨМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Almaty Hub брендімен жұмыс істейтін «ИТП» ДКҚ Алматы қаласы бойынша филиалы әзірлеген бұл озық робот қазақ тілінде дауыстық басқарумен жабдықталған және экономиканың нақты секторында жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктерге ие.
Ол инспекциялар жүргізуге, деректерді жинауға және заттарды жылжытуға қабілетті, бұл оны логистикадан қауіпсіздікке дейінгі әртүрлі салаларда таптырмас көмекші етеді. Қазақ тіліндегі дауыстық басқару онымен өзара іс-қимылды ыңғайлы және табиғи етеді, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, жоба 2024 жылдың желтоқсанында «AI-мен болашақты құру: білім экономикасына барар жолда» демо-күнінде технологиялық даму мен цифрлық трансформация үшін маңыздылығын растай отырып, сәтті таныстырылды.