Қоғам

Алматы әуежайында тұтқынды құтқарған Мұса Әбдірайым белгілі әншінің ағасы болып шықты

19:22, 07 наурыз 2025 171

Алматы әуежайында қызметкерді құтқарған Мұса Әбдірайым белгілі «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымның кенже інісі және әнші Бағлан Әьдірайымның ағасы болып шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ерғали Әбдірайым бұл жаңалықты Қостанайда жүргенде естіген. 

Бүгін мені «Жігіттер» тобымен Қостанай қаласына 09:25-те концерттік шараға әуежайдан шығарып салып, ұшақтан түссек, әлеуметтік жүйе қайнап, көптеген қоңыраулар түсіп, «Мұса сіздің ініңіз емес пе?» деп телефон соққандар көп болды. Ішімнен не бүлдіріп қойды екен деп қобалжыдым. Сөйтсем, нағыз ер мінезді жігіттің ісін жасап, елдің құрметіне ілініп жатыр екен, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.

Айта кетсек, Мұса Әбдірайымов – жеті ағайынды және бір қарындасы бар отбасының кенжесі. Ол 1973 жылы Түлкібас ауданы, Қымызбастау ауылында дүниеге келген.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы әуежайында ер адам тексеру қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. Сол сәтте Мұса Әбдірайым қызға араша түсіп, қаскөйді ұстауға көмектескен болатын.

Аталмыш жағдай туралы хабар алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев батырды марапаттауды тапсырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз