Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастаманы іске асырады:
• 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі;
• әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
• инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді;
• әуежай аумағында ACI орталығымен (халықаралық әуежайлар кеңесі) аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
• қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.
2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды. Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады.
Әуежай инфрақұрылымының жаңа инвестициялық жоспарымен қоса, негізгі-жоспардың барлық қосымша мәліметтерін Алматы халықаралық әуежайының алдағы баспасөз конференциясында (2025 жылдың жазы) толығырақ мәлімдейді.
Еске сала кетсек, Алматы қаласы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы өткен 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.