Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мерген 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату бойынша ел намысын сәтті қорғады.
Финалда Рахымжан 241.9 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.
Бұл бағдарлама түрінде қытайлық Ху Кай жеңімпаз атанды – 242.3 ұпай. Неміс спортшысы Кристиан Райц 220.8 ұпаймен үшінші орын алды.