Қоғам

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан базарда жүк тасып жүр (ВИДЕО)

14:58, 22 қыркүйек 2025 41

Желіде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның базарда апасы мен жездесіне көмектесіп, көкөніс тасып жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға жылы пікірлер қалдырып, чемпионның қарапайымдылығы мен еңбекқорлығын атап өтуде.

"Керемет! Адам болу керек өмірде, чемпион болды. Өле-өлгенше адам болып қалу керек дәл осылай", "Жездесінің жолы болыпты, осындай балдызы бар", "Өте қарапайым чемпион!", "Чемпион болса да, қарапайым қалпынан айнымаған" , - деген пікірлер жазылуда.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. 

Ол 2023 жылы Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатында 97 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел спорты тарихында жаңа белес ашқан болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз