Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігі белгіленді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді.
Әкімдік мәліметінше, қаза болған сарбаздардың жақындарына материалдық көмек көрсеткісі келетін азаматтардан, кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдардан көптеген өтініш түскен. Осыған байланысты қаражат жинауды жүйелеу және алаяқтықтың алдын алу үшін бірыңғай оператор айқындалған.
Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек жинаған.
«Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы қатаң түрде нысаналы мақсатқа сай және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Қордың қызметі мен қаражат қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болатыны айтылды.
Әкімдік алаяқтықтан сақ болуға шақырып, көмекті жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармауды ескертті.
Ресми оператор – «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмектескісі келетіндер қаражатты қордың әкімдік жариялаған ресми реквизиттері арқылы аудара алады.
Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігі белгіленді. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді.