Қоғам

«Әке мені қорғаңызшы...»: Әнару Қалдыбек зорланғанын айтып, үндеу жасады

16:47, 20 тамыз 2025 301

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Қалдыбек желіге жазба жариялап, өз шындығын ортаға салды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Мен 1 жыл бұрын аварияға түсіп бетім осындай болған. Жәй ғана таксиге отырып, үйіме бара жатқан кезімде... Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен Қалдыбек Құрманәлінің бірінші қызымын, тұнғыш қызы. Бірақ осындай аласапыран өмір сүріп жатырмын... Менде бұндай суреттер өте көп. Және бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар... Егер қаласаңыздар осы жерге біртіндеп барлығын шығаратын боламын. Сіздердің қолдауларыңызбен. Бірақ Анамның көзі тірісінде бір тал шашыма да зиян келмеген еді. Әке Сізден басқа қорғаным жоқ. Қатты қапалымын, өзімді тастанды және қорғансыз сезініп келемін. 29 жыл бойы... Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы. Мен әлсізбін... Осындай алаяқтардың жемтігі қылмаңыз мені... Сізден басқа қорғаушым жоқ! Сенерім Алла мен сіз ғанасыз...», – деп жазды композитордың қызы.

Сонымен қатар ол өзінің жеті жыл бойы танымал боксшыдан қорлық көргенін жайып салды.

«7 жыл бойы мен осы адамнан қорлық көрдім... Мені барлық жағымнан қорлап, бопсалап, қорқытып ұстап келеді. Жетім деп басыма мінді. Әйелі екіқабат болған екен мен пәкпін, баламын. Оның үйлі екенін де білмей сеніп араласқан едім. Сөйтсем бұл адам әйелі қыз туғаннан кейін маған көңіл бөліп мені маңайлап жүр екен ғой. Сұмпайы араласа келе қалай оның зорлығына тап болғанымды түсінбей қалдым. Сонымен қоймай әкеме және ағама @asylkazak8 хабар айтпағанмын. Тыныш осы 7 жыл бойы одан қорқақтап, іштей тозып қиналып шыдап келген екенмін осы адам кейпіндегі ібіліске... Осы адамға жолыққалы бері өмірім құлдырап кетті...», – деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз