2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Академия президенті, профессор Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды.

Бұл марапат ғылым мен білім саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, сондай-ақ қоғам дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
Орден қазақтың көрнекті жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев есімімен аталады. Ол майдандағы ерлігі үшін бірқатар мемлекеттік наградаларға ие болып, кейін қазақ әдебиетінде детектив жанрының қалыптасуына үлес қосқан.

Марапатты Республикалық «Ер намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Әлиадин табыстады.
Айта кетейік, Қайрат Закирьяновтың бұл марапатқа ие болуы оның ғылымды дамытуға және жас мамандарды даярлауға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.
