$ 460.8
 541.21
 6.13

Ақтөбеде домбыраны «харам» деген ер адам ұсталды

Редактор
28.04.2026, 12:35
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Жедел-іздестіру шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды.

Әлеуметтік желілерде ұлттық аспаптардың бірі – домбыраны “харам” деп атаған ақтөбелік ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Видеода ер адам Ханафи мәзһабында домбыра, гитара, балалайка секілді аспаптар харам саналатынын айтқан.

Осыған байланысты Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жергілікті тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі өшпенділік пен араздықты қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау