$ 489.33
 566.3
 6.74

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті

Редактор
16.06.2026, 09:49
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызмметі
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызмметі
Димаш Құдайберген жылы қабылдау мен ақжарма тілектер үшін өңір басшысына алғыс білдірді.

Кездесу барысында тараптар өңірдің дамуы, туған қаланың өсіп-өркендеуі және мәдениет саласының келешегі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Димаш Құдайберген шығармашылық жоспарларымен бөліссе, облыс әкімі алдағы уақытта Ақтөбе өңірінде жүзеге асырылатын бірқатар ірі жобаларды таныстырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz. 

Асхат Шахаров ақтөбеліктердің Димаш Құдайбергеннің жетістіктерін әрдайым мақтан тұтатынын атап өтіп, оның туған жермен байланысын үзбей келе жатқанын жоғары бағалады.

«Ақтөбеге қош келдіңіз! Сізді туған жеріңізде әрдайым қуана қарсы аламыз. Тығыз жұмыс кестеңізге қарамастан, туған қалаңызбен байланысыңызды үзбей келе жатқаныңыз біз үшін аса маңызды. Ақтөбе – Сізді әрдайым жақсы көретін, қолдайтын және қуана қарсы алатын мекен. Сізге шабыт, қолға алған жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуын және жаңа шығармашылық белестер тілеймін», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген жылы қабылдау мен ақжарма тілектер үшін өңір басшысына алғыс білдірді.

Кездесу барысында туған өлкенің мәдени әлеуетін арттыру, жастарды өнерге баулу және өңірдің халықаралық деңгейдегі имиджін нығайту мәселелері де сөз болды. Димаш Құдайбергеннің әлемдік сахнадағы жетістіктері Ақтөбе өңірінің абыройын асқақтатып, жас буынға үлкен мотивация беріп отырғаны атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау