$ 490.21
 566.93
 6.81

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

Редактор
10.06.2026, 14:32
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Оқиға "Ақтөбе – Астрахань" автожолының 240-шақырымында болды.

Ақтөбе облысында жол апатынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 9 маусымда сағат 15:20 шамасында "Ақтөбе – Астрахань" автожолының 240-шақырымында болды.

"Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында DAF маркалы жүк көлігі мен Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлік жол апатына түсті. DAF көлігі Түрікменстан мемлекетінде тіркелген", - дейді полицияда.

Оқиға салдарынан Toyota Camry автокөліктерінің бірі өртенді. Жол апаты салдарынан екі адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ сегіз адам түрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем қызметі арқылы Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау